Қамаудағылар мен сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы халықаралық стандарттар
Аңдатпа
Мақалада мемлекет үшін түрмелерде, колониялар мен тергеу оқшаулағыштарында адамдардың құқықтарын сақтау мәселесі өте маңызды болып табылады. Бұрынғы жазаны атқару жүйесі мемлекеттің өндірістік-шаруашылық қызметінің субъектісі ретінде қарастырылған. Бас бостандығынан айырылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселесі артқы жоспарда қарастырылып, формалды дәрежеде шешілді. Қазіргі таңда халықаралық құқық нормалары адамның құқықтарын мойындау мен қорғауды қамтамасыз ететін нормалар жүйесінде маңызды орын алады.
Түйінсоздер: мемлекет, жазаны орындау, азаматтардың құқықтары, бас бостандығынан айыру орны, пенитенциарлық қауіпсіздік, сотталғандардың қауіпсіздігі.
