Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Қылмыстық кодексіндегі қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі институты
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Қылмыстық кодексінің қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігін реттейтін нормалары талданады. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігінің нысандарын және олардың құқықтық салдарын зерттеу авторларға қылмыстық құқық бұзушылықтардың көптігі институтының
дамуындағы негізгі үрдістерді айқындап, соңғы жылдардың заңнамалық жаңалықтарын теориялық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік берген.
Түйінсөздер: қылмыстық құқық бұзушылықтың көптігі, қылмыстық құқық бұзушылықтың бірнеше рет жасалуы, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы, қылмыстардың қайталануы.
