Жаңартылатын энергия көздерінің түсінігі
Аңдатпа
Берілген мақалада автор жаңартылатын энергия көздерінің түсінігін қарастырады. Жаңартылатын энергетиканы дамыту энергетика саласын дамытудың және Қазақстан Республикасының тұрақты да-
муының негізгі факторларының бірі болып табылады. Жаңартылатын энергия көздерi – табиғи жаратылыс процестерi есебiнен үздiксiз жаңартылатын энергия көздерi, олар мынадай түрлерді қамтиды: күн сәулесiнiң энергиясы, жел энергиясы, гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жерасты суларының, өзендердiң, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендiк көздерi: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру үшiн пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын.
Түйінсөздер: экология, құқық, заң, қоршаған ортаны қорғау, жаңартылатын энергия көздері.
