Қазақстандық неке құқығы бойынша ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастар жайлы сүрағына: ерлі-зайыптылардың ортақ меншік режимі
Аңдатпа
Ерлі-зайыптылардың көптеген әрі алуан түрлі меншік режимдерін оқып білу үлкен теориялық және практикалық қызығушылықты туғызады. Бұл мақалада авторлар Қазақстандағы және де бірқатар өзге елдердегі меншіктің құқықтық режимдерін сипаттайды, жіктейді және оларға талдау жасайды. Меншік режимдерінің сан алуанболып келуіне қысқаша тарихи түсіндірме беріледі және қазақстандық заңнама тұрғысынан бірлескен ортақ меншік режимін таңдаудың негіздемесі келтіріледі. Неке шартын жасау жолымен заңды режимді оның басқа түріне өзгертудің салдарлары қарастырылады. Авторлар мүмкін болатын шарттық меншік режимдерінің әрқайсысын егжей-тегжейлі сипаттап, олардың артықшылықтарын және кемшіліктерін, атап айтқанда, тараптардың осы режимдердің элементтерін неке келісімшартына қосу мүмкіндігі қырынан ашып көрсетеді.
Түйін сөздер: Меншік режимдері, мүліктік қатынастар, ерлі-зайыптылардың меншігі, бірлескен ортақ меншік, неке шарты.
