Абылай ханның ұлттық мемлекетті сақтаудағы рөлі және саяси-құқықтық ой-пікірлері
Аңдатпа
Мақалада Жоңғар шапқыншылығы дәуіріндегі Қазақ хандығының тұтастығын сақтап, ұлттың азаттығын сақтау мақсатында халықты біріктіре білген Абылай ханның саяси-құқықтық ойлары қарастырылған. Сонау күрделі кезеңде халықты жаңылдырмау ұлттық мемлекеттікті сақтауды мақсат етіп қойған Абылай хан Қазақ хандығының үш жүзінің басын қоса алған соңғы хан. Абылай хан дипломат ретінде де, заң шығарушы ретінде де елдің тұтастығын сақтап оны нығайтуға тырысты.
Түйін сөздер: монархизм, билікті орталықтандыру, еркіндік, еріктілік, тәуелсіздік, бірлік.
