Қылмыстық іс жүргізудегі маманның қызмет ету нысандары мен әдістері

Авторлар

  • E. Alimova

Аңдатпа

Мақалада қылмыстық сот ісін жүргізу барысында маманның қызмет етудің әртүрлі
нысандары мен әдістерін анықтау және қолдану мәселелері қарастырылады. Қылмыстық сот
ісін жүргізудегі процессуалдық және процессуалдық емес нысандары талдау және теориялық-
құқықтық бағалауға жатады.
Қылмыстық іс бойынша арнайы білімді қолданудың ұғымы, мазмұны және түрлері туралы
нақты түсінік кез келген қылмыстық істі табысты тергеу үшін қажет. Автор өз жұмысында
әртүрлі ғалымдардың қылмыстық сот ісін жүргізуде қолданылатын арнайы білімді қолданудың
формалары мен әдістерін анықтау мен топтастыру туралы пікірлерін келтіреді. Айта кету керек,
қылмыстық процесс барысында туындаған мәселелерді шешу үшін қажетті білім деңгейі үнемі
өсіп келеді. Бұл ғылым мен техниканың жетістіктерін қылмыстық мақсаттарға пайдаланудың
артуына байланысты. Дамып жатқан қылмысқа қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарының
қызметкерлері қылмыстық іс бойынша маманның мүмкіндіктерін және білімдерін барынша
пайдалануға тиіс. Қылмыстық іс бойынша нақты жағдайларды анықтау бойынша маманның
қорытындысы мен айғақтарының мүмкіндіктері өте үлкен. Сонымен бірге, осы мүмкіндіктерді
пайдалану тергеушілер мен судьялардан маманның қорытындысы мен куәліктерін бағалауды
және осы дәлелмен анықталған фактілердің қалай бағалану керектігін нақты түсінуін талап етеді.
Түйін сөздер: қылмыстық сот ісін жүргізу, маман, арнайы білімдер, маманның қызмет ету
әдістері, арнайы білімдерді қолдану нысандары.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-24

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY