Әкімшілік алдын алу шаралары адам және азаматтың құқықтары мен еркiндiктерiн қорғауға арналған құралы ретінде

Авторлар

  • A. Abdikhalikov

Аңдатпа

Мақалада әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шараларын қолданудың кейбір теориялық және
практикалық мәселелері қарастырылады. Автор әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу шаралардың
ұғымын және олардың жеке түрлерінің сипаттамасын анықтайды. Мақалада ішкі істер
органдарының қызметінде қолданылатын әкімшілік-құқықтық алдын алу шараларына ерекше
назар аударылады. Әкімшілік ескерту шараларын қолданудың негізгі ерекшеліктері, мақсаттары
мен міндеттері айқындалды. Ішкі істер органдары басқа мемлекеттік органдармен тығыз қарым-
қатынаста құқық бұзушылықтың алдын-алу және жолын кесу, қоғамдық және жеке қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді. Бұл тұрғыда әкімшілік алдын алу шаралардың
ерекшелігі – олар қылмыстың алдын-алуға ғана емес, сонымен қатар жеке адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Жұмыста Қазақстанда
қолданылатын әкімшілік алдын алу шаралардың әртүрлілігі толыққанды нормативтік тізімін
жасауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар мұндай әртүрлілік әкімшілік-құқықтық ескерту
шараларын жіктеуге кедергі келтірмейді. Автор әртүрлі жіктеу мүмкіндігін атап өтеді: жалпы
белгілеріне сәйкес, белгілі бір шараларды қолдану негіздеріне немесе мақсаттарына сәйкес.
Бұл жағдайда практикалық тұрғыдан ең құнды жіктеу қолдану мақсатына байланысты болып
табылады.
Түйін сөздер: әкімшілік-құқықтық мәжбүрлеу, әкімшілік алдын алу шаралары, әкімшілік-
құқықтық превенциясы, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-12-21

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW