Нақты жағдайларда қылмыс жасаған адамдардың тұлғалары туралы дәлелдемелік ақпаратты жинаудың криминалистік құралдары мен әдістері
Аңдатпа
Аталған мақалада автор нақты жағдайларда қылмыс жасаған адамдардың тұлғалары туралы дәлелдемелік ақпаратты жинаудың криминалистік құралдары мен әдістерін қарастырған. Бұл іздер қылмыс және оның қатысушылары туралы ақпарат тасушы ретінде тергеуші мен сотқа нақты іс бойынша объективті ақиқатты анықтауға мүмкіндік береді. Алайда қылмыс іздері анықталған тәртіппен қылмыстық істерді жүргізуші тұлғалармен жиналған, зерттелген және бағаланған болуы тиіс және одан ғана дәлелдемелер ретінде танылуы тиіс. Мақалада қарастырылған тұлға туралы ақпарат алудың криминалистикалық әдістері мен құралдары сарқылмайтын болып табыладыКриминалистика тұлғаға бағытталған ғылым ретінде кри-миналистік ортаның импульстік қысымын сезінуі және болып жатқан өзгерістерге тиімді жауап бере білуі қажет.
Түйін сөздер: қылмыс іздері, анықтау құралдары мен әдістері, әртүрлі қылмыс іздерін бекіту, алу және сақтау, криминалистік одо-рология, криминалистік полиграфология, энтомологиялық сараптама.
