Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету факторы ретінде агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру
Аңдатпа
Мақала азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелеріне арналған. Ауылшаруашылық өндірісті мемлекеттік реттеу қажеттілігі мемлекеттің өз азаматтарының алдында өмір сүру жағдайларын жасау, азық-түлік және өзге де ауылшаруашылық тауарлармен қамтамасыз ету жауаптылығымен негізделеді. Мақалада агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің мақсаты мен міндеттері және жетілдіру, азық-түлік қауіпсізідікті қамтамасыз ету мәселелері және оларды шешу жолдары зерттелген.
Түйін сөздер: мемлекеттік реттеу, агроөнеркәсіптік кешен, азық-түлік қауіпсіздігі, құқықтық қамтамасыз ету, мемлекеттің функциялары.
