Модернизациялау – мемлекеттік қаржылық бақылаудың тиімділігін арттыру факторы ретінде
Аңдатпа
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің нақты ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруы жалпы қаржылық саясатытың міндетті және үздіксіз элементтерінің бірі болып табылады. Сол себептен қаржылық бақылау жүйесін дамыту автономды емес, керісінше жалпы мемлекеттік қоғамдық қатынастарды реттейтін комплексті шаралардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс.
Атқарушы билік реформалау үрдісінде болуына байланысты мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің жаңартылуы өзекті мәселе болып табылады.
Түйін сөздер: бақылау, қаржылық бақылау, мемлекеттік бақылау, өкімет, модернизациялау.
