Қазақстан Республикасындағы азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі конституциялық қағида ретінде
Аңдатпа
Бұл мақалада азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі конституциялық қағида ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасында азаматтық сот ісін жүргізудің тілін таңдау еркіндігі негізінен екі аспектіде қаралатын қағида. Бір қырынан алып қарағанда, мұны конституциялық құқықтық қағида ретінде, екінші жағынан азаматтық іс жүргізу құқығының басты қағидасының бірі ретінде түсінуге болады. Азаматтық сот ісін жүргізуде тілді қолданудың еркіндігі, конституциялық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан да, оны тек қана азаматтық іс жүргізу құқығының аясында қарастыру мүмкін емес.
Түйін сөздер: азаматтық сот ісі, сот ісін жүргізу тілі, консти-туциялық қағида, мемлекеттік тіл.
