Қaзақ қоғамындағы құқық және құқықтық мәдениеттің аксиологиялық аспектілері

Авторлар

  • A.S. Akhmetov

Аңдатпа

Осы мақала азаматтық қоғамның құқықтық мәдениетін талдауға арналған. Мақаланың мақсаты болып демократиялық мемлекеттің даму үрдісінде Қазақстан Республикасы құқықтық мәдениетінің құндылықты бағыттарын бөліп көрсету табылады. Осы мақала Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам қалыптастыру үрдісінде қазақстандық және шетел авторларының құқық табиғаты, құқық мәдениеті оның құндылықты бағыттары мәселелері бойынша ғылыми зерттеулері негізінде жазылған. Мақалада азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелері қарастырылады, аталған феноменге түрлі түсініктер беріледі. Соңында азаматтық қоғамның басты принципі тұлғаның қоғамда еркін және жан-жақты дамуы, сондай-ақ азаматтың өзінің міндетін түсініп, құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығымен және де қоғам алдында өз әрекеттері үшін жауапкершілік міндеттерімен қамтылған қоғамның еркін мүшесі болып табылуынан азаматтық қоғам басталатыны туралы қорытындылар жасалады.
Түйін сөздер: құқықтық мәдениет, құқық идеологиясы, заң психологиясы, мәдениет, демократиялық мемлекет, азаматтық қоғам, мемлекет, қоғам, құқықтық сана-сезім, демократиялық мемлекет және оның құндылықтары.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-19

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW