Бұқар жыраудың саяси және құқықтық ойларындағы ұлт-азаттық және бірлік идеялары
Аңдатпа
Мақалада Жоңғар шапқыншылығы дәуіріндегі белгілі мемлекет қайраткері болған Бұқар жыраудың саяси-құқықтық ойлары қарастырылған. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес ұлттың бірігу, билікті орталықтандыру идеяларының өкрендеуіне жол ашты. Ресей, Қытай секілді көрші елдердің саясаты ұлттың азаттығына қауіп төніп тұрғандығын түсінген жырау бірлік пен тұрақтылық азаттықты сақтаудың негізгі кепілі деп қарастырады. Жырау бұл үшін дәстүрлі құныдылқтарға арқа сүйеп, ұлттың күшті өз бойынан жинауын талап етеді.
Түйін сөздер: монархизм, билікті орталықтандыру, еркіндік, еріктілік, тәуелсіздік, бірлік.
