Кінә түсінігінің философиялық алғышарттары

Авторлар

  • S.T. Tynybekov

Аңдатпа

Бұл мақалада автор кінә түсінігіне философиялық тұрғыдан талдау жасаған. Философияда «кінә» де, «жауапкершілік» те тұлғаға тән өзара ұқсас категориялар болып табылады. Ғылымның бұл саласында жауапкершілік тұлғаның кінәсінен және керісінше, кінә жауапкершіліктен бөлек қарастырылмайды (адам өз-өзінің, қоғамның және құдайдың алдында жауапты). Автор адамзат тарихының ерте кезеңдеріндегі антикалық философиядан бастап, ортағасырлар және жаңа заман философиясындағы кінәге қатысты қалыптасқан ой-пікірлерді талдаған. Түйіндей келгенде, философиялық тұрғыдан алып қарағанда, кінә адамның ізгі емес мінез-құлқының нәтижесіне қоғамның ерекше моральдық-адамгершілік, сондай-ақ әлеуметтік қатынасын танытатын әдептілік және адамгершілік категориясы ретінде түсіндіріледі.
Түйін сөздер: кінәнің психоаналитикалық концепциясы, теоцентризм, бихевиористік теория, экзистенциалдық-гуманистік концепциясы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-19

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW