Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты ескіру мерзімдері
Аңдатпа
Ұсынылған жұмыста Қазақстан Республикасының 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексі бойынша ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату түрі қарастырылған. Қазақ КСР-iнiң Қылмыстық кодексі, 1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі және ҚР 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексі бойынша ескіру мерзімдеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормаларына салыстырмалы талдау жасалған. Қылмыстық теріс қылық және қылмыс жасаған адамның ескіру мерзіміне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері мен жағдайлары анықталған. Пікірталасқа жүргізілген кешенді талдау нәтижесінде, автор ауыр қылмыстарға қатысты ескіру мерзімдерін регламенттейтін норма ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмыстар санаттарының тұжырымдамалық ережелеріне қайшы келетіндігін атап өткен.
Түйін сөздер: қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық жауаптылықтан босату негіздерімен жағдайлары, қылмыстық құқықтағы ескіру мерзімдері, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімдері, қылмыстық құқықтың көтермелеу нормалары.
