Қазақстан Республикасының Бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың ықпалы мен қылмыстарының түрлері
Аңдатпа
Осы мақалада автор Түзеу мекемелеріндегі ұйымдасқан қылмыстық топтардың пайда болу себептері мен олардың Қылмыстық-атқару жүйесіне тигізетін ықпалының дәрежесін көрсетуге бағыттаған. Осыған байланысты автор өзінің 2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы және Қызылорда қаласында орналасқан Түзеу мекемелеріндегі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері болған сотталғандармен жүргізілген арнайы жұмыстардың нәтижелері бойынша Еліміздің Түзеу мекемелерінде ұйымдасқан қылмыстық ортаның еліктейтін жазылмаған заңдарын, салт-дәстүрлерін, олармен жасалатын қылмыстың түрлерін қарастырады. Сонымен қатар Түзеу мекемесіндегі ұйымдасқан қылмыстық ортаның басқа сотталғандарға теріс ықпалымен, зиянын тигізбеуінің алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар жасалған.
Түйін сөздер: түзеу мекемелері, сотталғандар, теріс бағыттағы сотталғандар, қылмыстық орта, қылмыстық ортаның салт-дәстүрлері, ұйымдасқан қылмыстық топ.
