Қылмыстық процестегі соттың және айыптау мен қорғау тараптарының белсенділігі

Авторлар

  • A.B. Sharipova

Аңдатпа

Аталған мақалада қылмыстық процестегі соттың және айыптау мен қорғау тараптарының белсенділігі қарастырылған. Соттың, айыптау мен қорғау тараптарының белсенділігі сот отырысындағы жарыссөз кезінде көрініс табады. Сотта тараптардың арасында дау болмаған кезде, жарыспалылық қағидасы өзінің мәнін жоғалтады. Соттың белсенділігі тек ақиқатты орнатуға талпынысынан көрінуі қажет. Сот талқылауының жарыспалылығының алғышарты тараптардың белсенділігімен процестегі соттың басқарушы рөлімен түсіндіріледі. Сот тараптардың жарыспалылығы үшін жағдай туғызады, процесс қатысушыларының мінез-құлықтарының заңдылығын қадағалайды, зерттеліп отырған дәлелдемелерді, дәлелдемелердің жол берілушілігі оның дұрыстығы тұрғысынан бағаланады.
Түйін сөздер: сот, қорғау, айыптау, қылмыстық қудалау, тараптардың жарыспалылығы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-15

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY