Көмірсутек шикізатын өндіру мен тасымалдау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудің кейбір құқықтық аспектілері
Аңдатпа
Бұл мақалада көмірсутекті шикізаттарды өндіру, тасымалдау және транзиттеу кезінде пайда болатын құқықтық қатынастармен байланысты ғылыми проблемалар зерттелінген және оларға талдау жасалынған. Автор жаңа қоғамдық қатынастардың өзгешелік белгілерін және олардың егемен Қазақстан экономикасының мұнай-газ секторымен байланысты басқа да құқықтық қатынастармен өзара байланысын қарастырады. Сонымен қатар, энергоресурстарды тұтынушыларға жеткізудің жаңа жолдары мен түрлерін іздеу бойынша құқықтық және экономикалық проблемаларды шешудің мүмкіндіктері зерттелінген.
Түйін сөздер: өндіру, тасымалдау, минералдық ресурстар, мұнай және газ, көмірсутек шикізатын және табиғи ресурстарды пайдалану.
