Қазақстан Республикасында жер қойнауын игеруде арнайы табиғат пайдалануды құқықтық реттеу

Авторлар

  • G.T. Aigarinova
  • Z. Orazbay

Аңдатпа

Нақты мақалада Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастар жағдайында жер қойнауын игеруде арнайы табиғат пайдалануды құқықтық реттеу мәселелері қарастырылды. Жер қойнауын игеру барысында туындайтын қатынастар көп қырлы және жер қойнауы құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан құқығының сабақтас, жер құқығы, экологиялық, су құқығы, минералды шикізатты қайта өңдеумен байланысты заңнамамен, шаруашылық қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау туралы заңнамамен реттеледі. Сол себептен жер қойнауын пайдалану операцияларын өзге табиғи ресурстарды пайдалану нысандарынан оқшаулап, бөліп қарауға болмайды.
Түйін сөздер: жер қойнауы, жер, нарықтық қатынастар, қоршаған орта.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-15

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCE AND ENVIRONMENTAL LAW