Экономикалық тұрақтылық Қазақстан Республикасындағы экономикалық қауіпсіздіктi қамтамасыз ету шартты
Аңдатпа
Ұлттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілу мәселелері кез келген мемлекет үшін өзекті болып табылады. ҚР келе жатқан дағдарыстың жағдайында мемлекеттік бағдарламалар мен бүкіл қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етілуімен байланысты стратегиялық даму жоспарлары қабылданып жатыр. Ұлттық қауіпсіздік түрлі көріністерге бөлінеді. Осындай көріністің бір түрі экономикалық қауіпсіздік болып табылады.
Нарықтық экономиканы құру жағдайында мемлекеттің бүкіл экономикалық жүйесінің қауіпсіз болу мәселесі ең көкейкесті болып табылады. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиялық жоспарында ұлттық экономиканың дүниежүзілік немесе аймақтық дағдарыстың теріс нәтижелеріне тұрақтылығын жоғарлатуға бағытталған мемлекетіміздің қаржы жүйесін нығайту керектігыне көңіл бөлінген.
Түйінсөздер: Қаржы жүйесі, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық қауіпсіздік, тұрақтылық, дағдарыс, ұлттық мүдделер.
