Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жетекші рөлі
Аңдатпа
Автор адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жетекші рөлін зерттейді. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесіндегі ерекше орынды Қазақстан Республикасы Президенті өз міндетіне алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретінде Президентінің мәртебесін белгілейді және оны жүзеге асыруға қажетті жағдайлар мен құралдарын жасауға міндеттейді.
Түйін сөздер: қоғам, құқық, Президент, адам, азамат.
