Заңгердің кәсіби этикасы туралы
Аңдатпа
Бұл мақалада заңгердің кәсіби этикасының мәселелері тұлғаның адамгершілік тәрбиесі мен құқыққа және заңға қатысты қалыптасатын қадірінің бір факторы ретінде қарастырылған. Бүгінгі күні болашақ кәсіби заңгерлерді дайындау және заңгерлердің кәсіби этикасының мәселелерін зерттеу маңызды болып келеді. Заңгерлер күнделікті қарапайым адамдардың сұрақтарын шешу кезінде, өздерінің біліктілігін, құзыреттілігін дұрыс жүзеге асырулары және орындаулары қажет, себебі осындай қатынастардың сипатына қарай қоғамның мемлекетке деген сенімдері арта түседі.
Түйін сөздер: заңгердің кәсіби этикасы, кәсіби заңгерлерді дайындау, моральдық қағидалар, Кәсіби моральдық кодексі.
