ANALYSIS OF THE PHD PROGRAMME DEVELOPMENT IN KAZAKHSTAN

Авторлар

  • D. Asanova

Аңдатпа

1993 жылдан бастап Қазақстанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің басқару жүйесі егеменді елдің экономикалық және саяси дамуымен, оның жаһандық нарыққа енуімен, өзінің адами капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттырумен айқындалған жүйелі жаңғыртудан өтті. Ширек ғасыр ішінде Болон конвенциясының негіз қалаушы принциптерін көрсететін білім берудің жаңа әдіснамалық тәсілі – өмір бойы білім беру тұжырымдалды және енгізілді. Қазақстан Республикасы бұрынғы Кеңес Одағы аумағында алғашқылардың бірі болып кредиттік жүйесін енгізді және үш деңгейлі оқыту жүйесіне (жоғары базалық білім – бакалавриат), жоғары ғылыми-педагогикалық білім беру – MA), докторантура – PhD) ауысты. Осыған байланысты түбегейлі өзгерістер жасалып, философия докторларын дайындаудың жаңа үлгісі құрылды. Кадрларды дайындаудың үш сатылы жүйесінің негізгі буыны PhD дайындау бағдарламасы болып табылады, өйткені өзінің мәртебесі бойынша ғылыми мектептерді дамытуға, ғылым мен инновацияларды дамыту трендін қалыптастыруға, ғылыми идеялар мен гипотезаларды ұсынуға және тұтастай алғанда елдің инновациялық экономика үлгісін дамытуды қамтамасыз етуге арналған. Бұл аналитикалық шолу Қазақстандағы философия докторларын (PhD) дайындаудың өзекті мәселелеріне және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жетілдіру жолдарын анықтауға арналған.
Түйін сөздер: философия докторы (PhD), ғылыми дәреже, Қазақстандағы докторантура бағдарламасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

SCIENTIFIC METHODOLOGICAL ARTICLES