Қазақстандағы қылмыстық заңнаманың қылмыс деп танымау жағдайындағы шартты түрде мерзімінен бұрын босату институтын қолданудың теориялық-тәжірибелік мәселелері

Авторлар

  • G.S. Dzhumasev

Аңдатпа

Аталған мақалада мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың теориялық мәселелері
қарастырылған. Мақаланың мақсаты – мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың мәселелерін
және қылмыстық заңнаманың аталған нормаларын қолдану тетіктерін зерттеу. Зерттеу
шеңберінде мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың ұғымдық аппараты және теориялық
негіздері нақтыланды, мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың түсінігі, қолдану негіздері
зерттелді. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату мәселесі заманауи Қазақстанның жалпы
және арнайы саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани, заңи, қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-
атқарушылық, қылмыстық-процестік және басқа да факторлармен шартталған кешенді, құқықтық
мәселе болып табылады. Ол қылмыстық құқықтың аталған институтын құқықтық реттеуді
қамтамасыз ететін қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқарушылық және басқа да салалардың
заңнамаларының нормаларын қамтиды. Көптеген зерттеулер мерзімінен бұрын шартты түрде
босатудың құқықтық табиғаты туралы нақты және толық көзқарасты өңдеп шығаруға әзір
әкелмеді. Мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды қолдану тетіктері аз зерттелген мәселелердің
қатарында. Осы жағдай зерттеудің өзектілігін құрайды. Ұсынылып отырған зерттеу мерзімінен
бұрын шартты түрде босатудың теориялық негіздері туралы ғылыми негізделген ережелер мен
қорытындыларды білдіреді де. Осы жағдай оның ғылыми маңызын анықтайды. Сонымен қатар,
тақырып бойынша негізгі мәселелер, оны шешудің негізгі бағыттары ақындалған да, бұл жағдай
тақырыптың тәжірибелік маңызын көрсетеді.
Зерттеудің әдіснамалық негізін жазаның мәні, жазадан босатудың құқықтық табиғаты туралы
қылмыстық құқықтың, қылмыстық атқару құқығының, ғылыми ережелері құрайды.
Автор арқылы жүргізілген құқықтық талдау мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды
қолдану аясындағы жаңа тетіктерді анықтау үшін ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Мақалада алынған нәтижелерді оқу үдеріснде, аталған мәселе бойынша оқулықтар, оқу
құралдарын, мақалалар жазу барысында пайдалануға болады.
Түйін сөздер: жаза, жазадан босату, мерзімінен бұрын шартты түрде босату, бас
бостандығынан айыру, түзеу, сотталған.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-01

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY