Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени маңызы бар жерлерді қорғау туралы заңнаманы қалыптастыру және дамыту мәселесі бойынша: халықаралық және ұлттық аспектілер
Аңдатпа
Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын қорғау туралы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы,
оның ішінде жер-құқықтық аспектілері атты зерттеу жұмысының нәтиже қорытындысы ретінде
жазылған ізденіс жұмысы. Қазақстан Республикасындағы тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді
ұтымды пайдалану және қорғау саласында қолданыстағы заңнаманы жетілдіру жолдарын
ұсынды. Тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерді қорғау, пайдалану қатынастарының құқықтық
реттелуі, осы жерлерді мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері көрсетілген. Сонымен қатар тарихи
мұраларды сақтау мақсатында қабылданып жатқан мемлекеттік бағдарламалар және олардың
негізгі бағыттары келтірілген. Тарихи-мәдени ескерткіштерін сақтап қалу үшін, олар орналасқан
жерлердің құқықтық жағдайын дамытып, жақсарту жолдары келтірілген.
Түйін сөздер: жер, тарихи-мәдени объектілер, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер, жер
қатынастары, тарихи-мәдени сараптама, ескерткіштер.
