Нью-Йорк конвенциясының V (1) (e)-бабының контексінде делокализация теориясының әсері – әртүрлі юрисдикциядағы арбитраждық шешімдердің орындалуындағы бірегейлікті зерттеу: тәжірибедегі делокализация
Аңдатпа
Мақалада делокализация теориясының артықшылықтары мен кемшіліктері бейнеленген. Және тәжірибеден нақты мысалдар мен істер берілген. Жұмыста талқыланған пікірталастарда мәселелерге әділ жауап беру кезінде біз делокализациялау теориясы тек абсолюттік доктрина ғана емес, осы тұста білікті доктринаны зерттеу де, осы идеяны қолдайтынын және оны көтермелеу де керектігін айта аламыз. Дегенмен, халықаралық коммерциялық арбитраж ландшафтындағы шығарылған шешімдердің біртектілігін сақтай отырып, арбитражды делокализациялауға қатысты мәселе екендігі әлі күнге дейін екіұшты болып тұр, соңғы бес онжылдықта қарқынды түрде талқыланған мәселелер бойынша жаңашылдық теориясы үрдісіне жаңа жарық түсіріп жатыр. Кез келген жағдайда, деокализациялық теорияның қолданылуының/орындалуының басқа да қазіргі заманғы доктриналары сияқты өзінің күшті және әлсіз жақтары бар болып табылады.
Түйін сөздер: делокализация, арбитраж, Нью Йорк конвенциясы, арбитраж шешімі, күшіне ену, юрисдикция, кейс, орындалу.
