Қазақстан Республикасында өсімдік шаруашылығын құқықтық сақтандырудың негіздері

Авторлар

  • A.A. Yessekeyeva

Аңдатпа

Мақалада еліміздің әлеуметтік қызметтерінің маңызды элементтерінің бірі – өсімдік шаруашылығын сақтандыру мәселелері қарастырылады. Автор қазіргі Қазақстандағы міндетті агросақтандырудың тәжірибесі мен ерекшеліктерін зерттейді. Мақаладағы айтылған негізгі ой – еліміздің экономика саласының маңызы ретінде, ауыл шаруашылығы аясындағы ұйымдардың жетіспейтіндігі. Ауыл шаруашылығы – өнеркәсіп немесе инновациялық технологиялар салаларының, қалалану дамуының қарқындылығына қарамастан экономиканың айрықша саласы, адам қызметінің басты түрі болып табылады. Қазақстанда ауыл шаруашылық секторының хабаршысы еліміздің экономикалық өсуінің объективті мүмкіндігі. Бірақ ұсынылып отырған мақалада – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді сақтандыру жүйесінің мәселелері, мұқият ойланбаған мемлекеттік қолдаулар, өндірістік кооперативтердің қалыптасуы туралы сұрақтар, білікті мамандардың жетіспеушіліктері және тағы басқа да өзекті мәселелері қарастырылған.
Түйін сөздер: ауыл шаруашылығы, сақтандыру, ауыл шаруашылығы өнімі, агросақтандыру, аграрлық сектор, міндетті сақтандыру, азық-түлік нарығы, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік тауарлары.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-26

Журналдың саны

Бөлім

NATURAL RESOURCE AND ENVIRONMENTAL LAW