Қазақстан Республикасында баламалы энергетиканы қолдану мен дамытудағы мемлекеттік органдарының қызметін жетілдірудің құқықтық мәселелері
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында баламалы энергетика көздерін пайдалану мен қолдану саласындағы мемлекеттік органдар қызметін жетілдірудің теориялық құқықтық мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың дамуына байланысты, мемлекеттік реттеу тетіктері де, соның ішінде мемлекеттік органдар қызметі жетілдірілуі тиіс. Ғылыми жұмыстың мақсаты, баламалы энергетикалық мемлекеттік органдар құқықтық мәртебесін анықтап, қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну. Отандық және шетелдік тәжірибені ескере отырып, қазақстандық баламалы энергетика мемлекеттік органдары нұсқасын анықтау. Ғылыми жұмыста салыстыру, талдау, эвристикалық секілді құқықтық зерттеу әдістері қолданылды.
Түйін сөздер: баламалы энергия көздері, жаңартылатын энергия көздері, энергетика министрлігі, жаңартылатын энергия көздері жөніндегі департамент, мемлекеттік орган, энергия, энергетикалық қатынас.
