Кедендік баждарды қолданудың кейбір мәселелері: ҚР ДСҰ қосылу бойынша жұмыс тобының баяндамасынан үзінді (бірінші бөлім)
Аңдатпа
Мақалада 2015 ж. 23 маусымдағы ДСҰ-ның келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы жөніндегі жұмыс тобының баяндамасында көрсетілген кеден баждарын қолданудың кейбір мәселелерi қарастырылады. Баяндамада Қазақстанның ДСҰ-ға қосылумен байланысты қабылдаған арнайы, яғни жеке міндеттемелері бекітілгені белгілі. Осы материалдардан халықаралық сауданы әмбебап деңгейде реттеудің құқықтық тетіктерін, атап айтсақ, кедендік-тарифтік реттеудің кейбір қырларын байқауға және де осы мәселе бойынша құқық қолдану болашағын болжауға болады.
Түйін сөздер: кедендік баждар, ДСҰ шеңберінде кедендік реттеу, ДСҰ-ның келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы жөніндегі жұмыс тобының баяндамасы.
