Компьютерлік ақпарат аясындағы қылмыстардағы қылмыскер тұлғасына түсінік
Аңдатпа
Соңғы он жылда Интернет желісі адамдардың өздерінің ойларын, қоғамдық қызметтері мен т.б. айта алатын кеңістігіне, виртуалды алаңға айналды. Қазіргі күні Интернет желісі коммуникация аясында маңызды рөлге ие: біз компьютерді, банкоматтарды, басқа да төлем жүйелерін пайдалана отырып ақша қаражаттарымен әртүрлі операцияларды жүргіземіз, маршруттар жасап, жақсы ресторандар іздейміз, бізді қызықтырған кез келген ақпараттарды біле аламыз. Әрине, бұл әрекеттердің барлығы ақпараттық технологияларға тәуелді. Мақалада компьютерлік ақпаратты қорғау мәселелері қарастырылған. Ақпараттық технологиялар аясындағы қылмыскердің тұлғасы, компьютерлік қылмыстардың виктимологиялық аспектілері зерделенген.
Түйін сөздер: компьютерлік ақпарат, интернет, ақпараттық ая, хакер, компьютерлік сауаттылық, қылмыстылық.
