Америка Құрама Штаттарындағы прокуратура органдары қызметінің ұйымдастырылуы
Аңдатпа
Мақалада АҚШ прокуратура органдары қызметінің ұйымдастырылуын және ерекшеліктерін жанжақты талдауға талпыныс жасалды. Атап айтқанда, автор келесі мәселелерге ерекше назар аударды: АҚШ прокуратура органдарының даму тарихы; прокурорлар офисінің құрылымы және қызметі; прокурорларды тағайындау тәртібі және олардың функциялары; прокуратура функцияларын орындау мақсатында сырттан маман тарту. Жүргізілген талдау нәтижесінде АҚШ және Қазақстан прокуратура үлгілерінің елеулі айырмашылықтары айқындалды. Негізгі ерекшеліктер келесідей. Тарихи тұрғыда АҚШ прокуратурасы мемлекеттік органдар жүйесінде айрықша мәртебе иеленген емес және қазіргі кезеңде ол Әділет Министрлігінің құрылымына кіреді. Бұл ретте, прокуратура құзыреті қылмыстық іс жүргізу мен мемлекет мүддесін қорғаумен, сондай-ақ бюджеттің табыс бөлігін толықтыруды қамтамасыз етумен байланысты істермен шектелген. Ерекше қызығушылықты прокуратураға жүктелген функцияларды сырттан келісім шарт негізінде маман тарту арқылы орындау мүмкіндігі тудырады.
Түйін сөздер: Америка Құрама Штаттары, прокуратура, прокурор, прокуратура қызметін атқару мақсатында сырттан маман тарту, Әділет Министрлігі, прокурорларды тағайындау, прокуратура функциялары, Бас атторней (прокурор), АҚШ прокурорлар офисі.
