Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының бөлек сұрақтары

Авторлар

  • Л.Т. Культемирова

Аңдатпа

Мақалада Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының кейбір бағыттарына шолу жасалған. Қазақстан Республикасының көші-қон жағдайына сипаттама беретін: эмиграция, иммиграция, ішкі көші-қон, заңсыз көші-қон, еңбек көші-қоны, босқындарды қабылдау үрдістеріне талдау жасалынды. Республикадағы саяси тұрақтылық халықтың көшіп-қонуының азаюына ықпал ететін негізгі фактор болып табылады. Бұл жағдайда көші-қон процестерін реттеу және олардың дамуына көмектесу мемлекет қызметінің өзекті бағыттарының бірі болып табылады, себебі иммиграция, көші-қон шығындарын азайтуға, халықтың демографиялық сипаттамаларын жақсартуға әсер етеді. Автор жұмысында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елдегі экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайларының және жалпы мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің көші-қон қарым-қатынастарына әсерін ескере отырып, заңнамалық реттеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өткен.
Түйін сөздер: босқындар, көші-қон, көші-қон саясаты, заңсыз көші-қон, еңбек көші-қоны.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-23

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW