Пробациялық бақылау Қазақстан Республикасының заманалық қылмыстықатқарушылық саясатында функционалды элемент ретінде
Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстан Республикасында пробациялық бақылаудың кейбір мәселелері қарастырылады. Пробация қызметі сотталғандарға қатысты жүзеге асырылатын қылмыскердің сынағын құрайтын, бақылау және жүріс-тұрысын қадағалау және тәрбиелеу сипатындағы шараларды қамтитын әлеуметтік-құқықтық бақылаудың нысаны болып табылады. Автор қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау бойынша қызметтің пробациялық бақылау сұрақтарын, оның құқықтық негізі мен заңды негіздемелеріне талдау жасайды. Сондай-ақ пробация институты жүйесін тәжірибелік қызметте қолданудың сұрақтары және оны іске асыру мен дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Сотталғандардың әлеуметтік бейімделуіне және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың санын төмендетуге бағытталған пробация қызметінің тиімді жұмысы олардың әлеуметтік-құқықтық және басқа да көмекпен қамтамасыз етілуі үшін бас бостандығынан айырусыз сотталғандарға бақылауды жүзеге асыратын жаза орындаушы органмен және жергілікті атқарушы органдардың өзара тығыз байланысы болған жағдайда мүмкін болады. Түйін сөздер: пробация қызметі, пробaциялық бақылау, қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандар, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек.
