ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАНЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК БЕЛГІЛЕЙТІН ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНАМАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/

Аңдатпа

Бұл мақала Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің тұрақтылығы мен тиімділігін зерттеуге арналған. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық базасы, соның ішінде Қылмыстық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекс, қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық нормалардың тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар, қазіргі цифрландыру дәуірінде құқық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында заңнамалық нормаларды одан әрі жетілдіру, заманауи цифрлық технологияларды пайдалану және азаматтық қоғамның қатысуы арқылы экологиялық қылмыстарға қарсы кешенді шараларды қолдану мәселелері қарастырылады. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері қоршаған ортаны қорғау заңнамасының тұрақтылығын, оның практикалық тиімділігін және құқықтық нормалардың қоғамдағы орны мен маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: экологиялық құқық бұзушылық, қылмыстық жауапкершілік, әкімшілік жауапкершілік, Қазақстан Республикасы, қоршаған ортаны қорғау заңнамасы, цифрлық технологиялар, құқықтық тиімділік.

Автор өмірбаяндары

  • Д.М. Жилкибаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының докторанты

  • Т. Хоффманн, Tallinn University of Technology

    TalTech заң мектебінің жеке құқық профессоры

  • Г.Т. Айгаринова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    (автор корреспондент) заң ғылымдарының кандидаты,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының   профессоры

  • Д.Л. Байдельдинов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, кеден, қаржы
    және экологиялық құқық кафедрасы, заң ғылымдарының докторы, профессор

  • Ж.Б. Акшатаева, Шымкент Университеті

    заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Шымкент университеті ғылым департаментінің директоры

Жарияланды

2026-06-18

Журналдың саны

Бөлім

ТАБИҒИ РЕСУРСТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ