ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ: ҚҰҚЫҚСУБЪЕКТІЛІК ПЕ, ӘЛДЕ КҮРДЕЛІ ОБЪЕКТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕЖИМІ МЕ?

Авторлар

  • Г.Б. Мукалдиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы https://orcid.org/0000-0002-8004-9968
  • Ж. Жағыпар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақстан, Атырау https://orcid.org/0000-0003-0462-6468

DOI:

https://doi.org/10.26577/JAPJ200206326

Аңдатпа

Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының шапшаң дамуы әлем елдерінің азаматтық құқық саласында тың сұрақтар туындатуда. Бұл зерттеу ЖИ жүйелерінің құқықтық мәртебесіне қатысты екі негізгі бағытты талдайды. ЖИ-ді электронды құқық субъектісі ретінде тану немесе оны күрделі объект ретінде қарастыру.

Халықаралық тәжірибе негізінде жүргізілген салыстырмалы-құқықтық талдау Еуропалық Одақтың 2024 жылғы ЖИ туралы Регламенті мен өнімге жауапкершілік Директивасын, АҚШ пен Азия елдеріндегі реттеу үлгілерін қамтиды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жасанды интеллект туралы» Заңы (2025 ж.) және түрлі юрисдикциядағы сот тәжірибелері назарға алынды.

Зерттеудің эмпирикалық бөлігі көлік, денсаулық сақтау және қаржы секторларында ЖИ жүйелерімен байланысты нақты оқиғаларды талдай отырып, дәстүрлі жауапкершілік тетіктерінің жеткіліксіздігін көрсетеді. Мысалы, 2017 жылы робот Софияға азаматтық беру ұғымдық тұрғыда ЖИ-дің құқық субъектісі ретінде қабылдануына байланысты қайшылықтар туғызған.

Қазақстан үшін оңтайлы шешім — ЖИ жүйелерін ерекше құқықтық режимі бар объект ретінде қарастыру. Бұл көзқарас Азаматтық кодекстегі «жоғары қауіп көзі» ұғымымен сабақтасып, нақты құқықтық тетіктер арқылы жауапкершілікті шынайы орындаушыларға жүктеуге жол ашады.

Түйін сөздер: жасанды интеллект, құқық субъектілігі, электронды тұлға, азаматтық-құқықтық жауапкершілік, қатаң жауапкершілік, жоғары қауіп көзі, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ЕО-ның ЖИ туралы регламенті, өнімге жауапкершілік, автономды жүйелер.

Автор өмірбаяндары

  • Г.Б. Мукалдиева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақстан, Алматы

    (хат-хабарларға арналған автор) - Заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің азаматтық құқық, іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының доценті

  • Ж. Жағыпар, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қазақстан, Атырау

    заң ғылымдарының магистрі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы

Жарияланды

2026-11-07

Журналдың саны

Бөлім

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ