Қазақстанның батысында II Екатеринаның жүргізген соттық-құқықтық саясаты: мақсаты, мазмұны, нəтижелері
Аңдатпа
Мақала XVIII ғ. аяғындағы Қазақстанның батыс аймағында Ресей империясының жүргізген соттық-құқықтық
саясаты қазақ жəне орыс халықтарының арасындағы құқықтық байланыстың орнауы мен шекаралық
қақтығыстардың бітімгерлігіне бағытталған. Мақалада II Екатеринаның соттық-құқықтық саясатының
мақсаттары, қағидалары, əдістері мен жүзеге асырылу нəтижелері жазылады.
Түйін сөздер: сот тарихы, Ресей империясы, Кіші жүз.
