«Сот-сараптамалық қызмет туралы» заң жобасының өзекті мәселелері
Аңдатпа
Мақала сот сараптамасының әлеуметтік мәртебесін сақтау кепілдігі және ҚР Әділет Министрлігі аясында түрлі сараптамалар жүргізу өкілеттіктерін біріктіру тұрғысында «Сот-сараптамалық қызмет туралы» заң жобасын талдауға арналады. Мақала авторлары талдауға алынған заң жобасын басқа да нормативтік-құқықтық актілер және бағдарламалық құжаттармен салыстыра отырып, олардың арасында елеулі қайшылықтар бар екендігіне көз жеткізеді. Авторлар мақаланы сот-сараптамалық қызмет туралы заңнаманы жетілдірудің, оның ішінде сілтеме нормаларды азайтудың нақты жолдарын көрсете отырып, тұжырымдайды.
Түйінсөздер: сот-сараптамалық қызмет, мемлекеттік активтерді басқару, жеке сот сарапшылардың палатасы, басқару әрекеттерін таңдау өкілеттігі, сыбайлас жемқорлыққа бейімділік.
