Сырым Датұлының саяси-құқықтық ойлары
Аңдатпа
Мақалада батыр, би Сырым Датұлының саяси-құқықтық ойларына шолу жасалған. Ресей империясының дендеп Қазақ хандығының аймағына енуі Кіші жүзде Әбілқайыр династиясына қарсы күрестің қарқын алуына себеп болды. Сырым Датұлы ұлт-азаттық идеяларынан басқа, түрік елдерінің бірлік идеясына арқа сүйеді. Бұл идеялардың негізінде династияға деген сенімсіздік пен халық мүддесін қорғау жатты.
Түйін сөздер: түрікшілдік, династия, хандық билік, экспансия.
