Қазақстан Республикасындағы мерзімінен бұрын босату жағдайын қолдану механизмі: жетілдіру жағдайы мен мәселелері

Авторлар

  • Г.С. Dzhumasev

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы кейбір өзекті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың нақты
аспектілері қарастырылады. Автор шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды, сотталғандардың
заңды мінез-құлқын ынталандыратын, қылмыстық жазаның орындалуының прогрессивті
жүйесінің ең маңызды құқықтық мекемесі болып табылады деген ғалымдардың пікірімен
бөліседі. Аталған зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі Қазақстан Республикасы аумағындағы
жазасын өтеп жүрген сотталушыларды мерзімінен бұрын бостандыққа шығарудың қолданылу
механизмі, сонымен қатар шетел тәжірибесін қолдана отырып мемлекетте мемлекеттік
органдарындағы құқықтық реформаларды жүзеге асыру барысында заңнамалық жетілдіру
жолдары қамтылған. Қазіргі таңда гуманизм қағидасы барлық өмір сүру аясында орын алуда,
Қазақстан жұмыс барысында құқықтық мемлекет ретінде аталған қызметті, қағиданы ұстанады.
Қылмыстық құқықтық саясаттың негізгі бір бағыты болып жаза мен оны жүзеге асырып
орындауды гуманизациялау болып табылады. Қылмыстық репрессияны сатылы қысқарту
альтернативті бас бостандығынан айыру жаза түрлерін қажетті түрде дамыту қарастырылады, ал
бас бостандығынан айыру қолданылу мерзімінен бұрын босатылу оның мерзімін өтеуінен кеңірек
қолданылады. Аталған жағдайда мерзімінен ерте босату жағдайы мерзімін өтеу жазасынан
қажетті репрессияны минимумға дейін шектейді.
Түйін сөздер: қоғам, мемлекет, құқық, жауапкершілік, гуманизм, сот, прокуратура, тергеуші,
анықтаушы, жаза, орындау, мерзімінен бұрын босату.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-17

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY