Ғарыштық қызмет барысында экологиялық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесі
Аңдатпа
Мақалада қазіргі таңдағы халықаралық экологиялық құқықтың ең өзекті мәселелерінің бірі
ғарыштық қызметтің экологиялық қауіпсіздігі туралы құқықтық сұрақтардың бірі жан-жақты
қарастырылып, оларға кешенді талдау жүргізілген. Осы саладағы халықаралық және ұлттық
заңнаманың мазмұны зерттелген. Бұл мақалада қоршаған ортаны ғарыштық қызметтің жағымсыз
салдарынан халықаралық-құқықтық қорғаудың қағидалары, сонымен қатар ғарыштық қызмет
барысында қоршаған орта мен ғарыш кеңістігіне келтірілетін ластану мен жағымсыз салдар үшін
жауаптылық мәселесі зерттелген. Жүргізілген зерттеу негізінде теориялық тұжырымдар мен
ағымдағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленген.
Мақаланың әдістемелік негізін салыстырмалы-құқықтық әдіс, формальді логика әдісі,
жүйелеу құрылымдық талдау әдісі, ғылыми абстракция, салыстыру мен ұқсастық, құқықтық
процестердің дамуы барысындағы объективті мен субъективтінің бірлігі, сараптамалық бағалау,
зерттеу құжаттары мен материалдарын контент-талдау мен зерттеу әдістері құрады.
Автор, ғарыштық қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық
қорғау сұрақтарын зерттеу БҰҰ-ның құқықшығармашылық және құқыққолданушылық қызметінің
тиімділігін көтеру және жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді, ғарыштық
қызметтің жағымсыз салдарынан қоршаған ортаны қорғауға байланысты болашақ халықаралық
ұйымның, болашақтағы орны мен рөлін көрсетеді деген тұжырымға келді.
Түйін сөздер: ғарыштық қызмет, халықаралық экологиялық құқық, жағымсыз салдар,
экологиялық қауіпсіздік, ғарыш құқығы.
