Қазақстан Республикасында комплаенс жүйесін ұйымдастырудың құқықтық негіздері

Авторлар

  • T.A. Baideldinova

Аңдатпа

Бұл мақала мемлекеттің қаржы мониторинг жүйесімен байланысты, комплаенс бақылау
жүйесінің енгізілуін негіздеу мәселесіне арналған.
Мақаланың алдына келесідей міндет қойылды, яғни заңсыз алынған табысты заңдастыруға
қарсы ұлттық жүйені қарастыру, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыруға
қарсы күреске бағытталған, комплаенс бақылаудың алатын орнын анықтау; комплаенс бақылауды
қалыптастыруға байланысты қаржы ұйымдарын ынталандыру жүйесін қарастыру.
Ірі халықаралық компаниялардың тәжірибесі көрсеткендей, комплаенс бақылау операциялық
және комплаенс-тәуекелдерді азайтудың ең тиімді құралы екендігін сенімді түрде көрсетуде.
Менеджерлер мен бизнес иелері және олардың қызметкерлері корпоративтік комплаенстың
міндеті сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен және ақшаны жымқыруға қарсы күрес саласындағы
құқықтық және этикалық стандарттарды сақтауын бақылауды жүзеге асыру екендігін түсінді.
Осы орайда, бұл отандық компаниялардың ішкі ережелері мен рәсімдерінде комплаенстың
әлемдегі жетекші тәжірибелерін қолдану қажет екендігінің айқын дәлелі болып отыр.
Бұл мақалада корпоративтік басқару, комплаенс функциясын және тәуекелдерді басқару
жүзеге асыру тәжірибесі және интеграцияны қорытындылау мәселелері қарастырылған.
Бұл мақалада қазақ іскерлік саласы үшін қажетті корпоративтік басқару, комплаенс
функциясын және тәуекелдерді басқару саласындағы соңғы әдістемелік әзірлемелер мен ең
озық және тиімді тәжірибелер туралы хабардар болады.
Түйін сөздер: комплаенс, комплаенс бақылау, қаржы мониторингі, банк.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-17

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW