Сақтандыру институтының мұсылман құқығындағы жалпы сипаттамасы

Авторлар

  • M.G. Alimzhanova

Аңдатпа

Берілген мақалада автор Мұсылман құқығындағы сақтандыру институтының даму ерекшеліктерін қарастырған. Біріншіден, бедуин тайпасының дәстүрі болған, исламға дейінгі заманда сақтандыру ілімі қарастырылған. Екіншіден, Ислам дін ретінде дамып, қалыптасқан кезеңде сақтандыру институтының ерекшеліктері мен жалпы сипаттамасы қарастырылған. Зерттеудің негізгі мақсаты болып Ислам құқығындағы сақтандыру түсінігін ашу, сол түсініктің мұсылман қоғамындағы орнын анықтау және исламдық қаржылық өнімді тұтынушыларға олардың ерекшелігі мен дәстүрлі сақтандырудан айырмашылығын жеткізу. Мақаланың әдістемелік негізі болып шетелдік және отандық ғалымдардың мұсылман құқығы және исламдық сақтандыру аясындағы еңбектері табылады. Жұмыстың ғылыми және тәжірибелік маңыздылығы оның исламдық сақтандыру институттарының мемлекеттің құқықтық жүйесіне енгізуге байланысты ұсыныстар ретінде қолданылуында. Сонымен қатар, жұмыстың маңыздылығы оның нәтижесін исламдық сақтандыру ұйымдарының дамуы мен тәжірибелік қызметінде пайдалану мүмкіндігінде жатыр. Сонымен қатар, мақалада исламдық сақтандыру жүйесінде тыйым салынған үш негізгі элемент ашып көрсетілді.
Түйін сөздер: такафул, мұсылман құқығы, сақтандыру заңнамасы.

Жарияланды

2018-10-17

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW