Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелері

Авторлар

  • A.M. Yergali
  • B.S. Amangeldi

Аңдатпа

Компьютерлік технологияларды пайдалану көлемінің өсуі мен олардың әлемдегі адамдардың өміріндегі маңыздылығының артуының нәтижесінде ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың жаңа түрі пайда болды. Мақала ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың пайда болуы мен осы қылмыстарға қарсы күрес әдістеріне жан-жақты талдау жасалып қарастырылған. Автор Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен салыстырмалы талдауының негізінде ақпараттық технология саласындағы қылмыстардың қысқа уақыт ішінде жылдам дамуын айқындайды. Автор ақпараттық технология саласындағы қылмыстардың пайда болуы мен дәйекті өсуіне ықпал ететін факторларға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, мақалада ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстылыққа қарсы тұру мәселелері қарастырылды. Автор компьютерлік ақпараттарға заңсыз қол жеткізуімен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар аса қоғамдық қауіп төндіреді деп тұжырымдайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен салыстырмалы талдауының негізінде мұндай қылмыстың туындау себептерін айқындайды. Түйін сөздер: қылмыстылық, қарсы тұру, ақпараттық технологиялар, компьютер, ақпараттық байланыс.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-17

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY