Азаматтық қоғамның жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жемқорлыққа қарсы сананың қалыптасуындағы ролі
Аңдатпа
Мақалада Қазақстан Републикасында жемқорлыққа қарсы мәдениет пен сананы қалыптастыруда азаматтық қоғамның рөліне теориялық-құқықтық талдау жасалған. Азаматтық қоғам жекелеген тұлғалардың өзін-өзі ұйымдастыруының жоғары нысаны ретінде адамның құқықтық санасының жоғары денгейде дамуына барлық жағдайды жасауына мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде осындай қоғамның қызмет етуінің қажетті факторы болып табылады. Қоғамдық белсенділік пен жеке бастама жеке тұлғаның құқықтық санасына негізделген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудағы маңызды жағдай болып табылады деп пайымдаймыз. Осы мәселелер елдегі және қоғамдағы демократиялық реформаларға негізгі дем береді. Бір бағытта жұмыс істеуге ұмтылу, сол жұмыстың өзі жеке санадағы болып жатқан үдерістерге тәуелді. Сондықтан да біз азаматтық қоғамның дамуына қажетті қандай-да жеке іс-әрекеттер құқықтық идеология мен психологиядан шығатынына назар аударуымыз керек. Дәл осы себепті азаматтық құқықтық сана, әлеуметтік көріністердің қозғаушы күші ретінде бас демократиялық, экономикалық және саяси реформалармен қатар азаматтық қоғамның қалыптасуы үшін де бастапқы маңызға ие болып табылады. Түйін сөздер: азаматтық қоғам, азаматтық қоғам институттары, құқықтық тәрбие, құқықтық мәдениет, құқықтық сана, сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлықпен күрес, сыбайлас жемқорлықпен күрестің алдын алу бойынша шаралар, сыбайлас жемқорлық себептері.
