ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ПЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ӨЗАРА
Аңдатпа
Мақалада халықаралық экологиялық құқық қағидаларының түсінігі, олардың халықаралық экономикалық құқық қағидаларымен өзара байланысы, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі халықаралық-құқықтық құжаттардың жалпы сипаттамасы берілген. Қазіргі таңда экономикалық дамуды тұрақтандыру үшін ұлттық ресурстарды орынды пайдалану және шаруашылық жүргізудің жаңа моделін қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Бұл мәселені шешу үшін халықаралық, сондай-ақ ұлттық табиғи ресурстық заңнамада тиісті түрде бекітілетін, табиғатты пайдалану құқықтарын алудың шарттық тәртібі маңызды құрал болып табылуда. Халықаралық деңгейдегі қоршаған ортаны қорғау және пайдалану мәселелері өз сипаты бойынша әр түрлі, бұл құқықтық реттеуді жүзеге асыру кезінде есепке алынуы тиіс. Зерттеудің мақсаты халықаралық экологиялық және халықаралық экономикалық құқықтың өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтау, өзара әрекеттестік контексінде аталған халықаралық құқық салаларының нормаларын қолдану, сондай-ақ дамытудың қажеттілігін негіздеу болып табылады. Бұл мақаланы жазу нәтижесінде авторлар халықаралық экологиялық және экономикалық құқық нормаларын кешенді қолдану қажеттілігіне қатысты теориялық ережелер ұсынып, оларды негіздеген. Түйін сөздер: экологиялық құқық, экономикалық құқық, өзара әрекеттестік, халықаралық реттеу, құқық қағидалары.
