ДҮНИЕ ЖҮЗІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕ АГЕНТТІК ШАРТЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

Авторлар

  • G.B. Mukaldyeva

Аңдатпа

Ғылыми мақала азаматтық құқықтағы агенттік шарттың құқықтық реттелу ерекшеліктерін көрсеткен. Дүние жүзіндегі агенттік шартты қолданудың ерекшеліктері мен тәжірибесіне салыстырмалы құқықтық талдау жасаған. Агенттік шартының ұғымы мен құқықтық ерекшелік белгілері анықталады. Дүние жүзіндегі агенттік шарттың түрлері жіктеліп, оларға мысалдар келтірілді. Өзге елдердегі агенттік шарт бастау алған заңнамалар қарастырылды. Бұл мақалада агент шартының моделдері, жіктелуі, агенттік қатынастардың деңгейлері тереңінен қарастырылған. Агенттік шарт қатынастарының субъектілері мен маңызды терминдеріне түсініктеме берілді. Агент шартының басқа шарт түрлерімен байланысы, ұқсастықтары мен өзгешеліктері аталып өтті. Дүние жүзіндегі агенттік шарттың қолдану ерекшеліктеріне кеңінен тоқтала отырып, салыстырмалы түрде әлемдегі агенттік шарттардың жасалуы мен мазмұнына талдау жасаған. Агенттерді делдалдардың ішіндегі маңызды субъект екенін көрсете келе, басқа делдалдардың арасындағы ролін анықтаған. Көлік экспедициясындағы агенттің ерекше құқықтық мәртебесі талданады. Агенттік шарты ҚР заңнамасына енгізудің ұсыныстары тұжырымдалған. Ғылыми мақалада агент шарты туралы ғалымдардың көзқарастары қарастырылды. Еліміздегі агент шартын қолдану кезіндегі мәселелер талқыланды. Түйін сөздер: шарт, мәміле, міндеттеме.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-13

Журналдың саны

Бөлім

CONSTITUTIONAL AND ADMINISTRATIVE LAW