Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілері шектері мен нысандарында заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалау
Аңдатпа
Мемлекеттің атынан заңмен белгіленген нысандары мен шектерінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, сотта мемлекеттің мүддесін білдіретін және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын прокуратураның негізгі атқаратын қызметінің өзгертілуі зерттеу жұмысының негізгі келелі мәселесі. Осыған орай, жұмыстың мақсаты 2017 жылғы 30 шілдедегі “Прокуратура туралы” Қазақстан |Республикасының жаңа заңында көрініс тапқан, Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қызмет аясындағы заңнамалық новеллаларды талдау болып табылады. Бұл мәселені зерттеудің негізгі тәсілі прокуратура қызметіндегі жаңа бағыттарын анықтау: заңда белгіленген мемлекет пен мемлекеттің мүддесін білдіретін, мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты сақтауды жоғары қадағалау. Жоғарыда аталған мәселелер осы мақалада қарастырылған. Бұл мақалада прокурордың құқықтық актілерінің түзетілген жүйесі талданады, прокуратураның қызметіндегі міндеттер қарастырылады, бұл жаңа тәсілдер прокурорлардың шексіз тексерулерін жоюға бағытталған: Бас прокурорға бағынышты қызметкерлердің тексеруге тағайындалуының шектеулері анықталған, негізсіз тексерулерді тағайындау мен мемлекеттік органдардың қызметінің қажетсіз ауыстырылуы алынып тасталған. Жұмыстың материалдары прокуратура қызметкерлеріне тәжірибелік құндылық ретінде қолдана алады. Елеулі өзгерістерге ұшыраған прокурорлық қадағалау салаларын талдау қабылданған заңнама новеллалары уәкілетті мемлекеттік органдардың және прокурорлардың жауапкершілігі аймағын бөлуіне ықпал етіп, жалпыға бірдей прокурорлық қадағалауды жетілдірудің жаңа болашағын ашып, халықтың сенімін арттыру сияқты маңызды басымдықты ескере отырып, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Түйін сөздер: Қазақстан Республикасының конституциялық реформасы, Қазақстан Республикасының прокуратурасы, прокурорлық қадағалау, прокурордың өкілеттігі, прокурордың әрекет ету актілері.
