Қылмыстарды ашу мен тергеудегі дәстүрлі емес әдістерді пайдалануда шетелдік тәжірибені қолдану бойынша мәселелері (ретроспективті шолу)
Аңдатпа
Қылмыстарды ашу мен тергеудің дәстүрлі емес әдістерін қолдануда шетелдік тәжірибелерді
ретроспективті талдау мәселелерінің көкейкестілігі. Қылмыстарды ашу мен тергеу
бойынша қызметінің дәстүрлі емес әдістерін қолдануда негізгі бағыттары қарастырылды.
Криминалистикалық қызметінің дәстүрлі емес әдістерін қолданудың негізгі кезеңі көрсетілді.
Бүгінгі таңда қылмыстылыққа қарсы күрес теориясын және тәжірибесін жетілдірудің әдістері
мен құралдарын инновациялық прогрессивті дамытуды, ынталандыратын ғылыми-теориялық,
техникалық және психологиялық білімдерді енгізу қажеттілігі айқын. Психология, кинезиология,
хронобиология, гипнология және т.б. саласындағы ғылыми зерттеулермен байланысты дәстүрлі
емес білімнің жетістіктерін криминалистикалық ортада пайдалану үлкен қызығушылық тудырады.
Жаңа құқықтық идеологиямен байланысты шетелдік ғылыми еңбектердегі қылмыскерлердің
мінез-құлқы мен ішкі әлемін зерттеу негізінен XVII-XIX ғғ. тиесілі. Осыған байланысты шетелдік
қылмыстарды ашу мен тергеу жөніндегі іс-шараларда дәстүрлі емес әдістерді қолданудың шағын
ретроспективті шолуы жасалынады.
Түйін сөздер: криминалистика, жедел-тергеу қызметі, кримианалистикалық практика,
парапсихологиялық әдістері, дәстүрлі емес тәсілдері.
