Бейбітшілік мақсатында атом энергиясын қолданудың халықаралық-құқықтық механизмдері

Авторлар

  • S.M. Sylkina
  • A.B. Smanova
  • Zh. Umbetbayeva

Аңдатпа

Мақалада атом энергиясын қолдануға байланысты мәселелер қарастырылған. Атом энергиясын пайдаланудың өзгешелігі, оның адамзатқа пайдасымен қатар зиян екендігінде болып табылады. Атом энергиясын қолдану нәтижесінде әлемдегі ең қауіпті ядролық қару жасап шығаруға болады, әлеуетті бұндай қару миллиондаған адамдарды қырып, тұтас қалаларды жоюы, ал ұзақ мерзімді келешекте келер ұрпақтың өміріне және табиғи ортаға қауіп тудыруы мүмкін. «Бейбіт» ядролық сынақтарды санамағанда, аталған қару түрі адамзат тарихында екі рет қана қолданылса да (Хиросима және Нагасаки), оның болуының өзі қауіпті. Осы себепті бүкіл әлемнің алдына қойылған маңызды, сонымен қатар күрделі міндет болып ядролық қаруды таратудың алдын алу табылады. Сондай-ақ, бейбіт мақсатта ядролық энергияны қолдану мүмкіндіктерінің жағымды жағы отын мен энергияда адамзаттың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуде бейбіт атомды пайдаланудың орасан зор әлеуеті көмек көрсететіні болып табылады.
Осыған байланысты атом энергиясын бейбіт пайдалану және таратпау міндетін шешуде қажетті саяси, сондай-ақ құқықтық механизмдерді нәтижелі іске асыру және жасау талап етіледі.
Түйін сөздер: атом энергетикасы, атом энергиясын бейбітшілікті қолдану саласындағы ынтымақтастық, халықаралық шарттар, халықаралық ұйымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасы.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-10

Журналдың саны

Бөлім

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР