Виктимологиялық санат негізі ретінде қылмыс жәбірленушінің түсінігі

Авторлар

  • Sh.B. Malikova
  • A.B.. Omarova
  • Sh.B. Omarova

Аңдатпа

Мақалада авторлар қылмыс құрбанының түсінігін анықтаудың құқықтық аспектілерін
қарастырған.
Аталған мақаланың мақсаты – «қылмыс құрбаны» ретінде қылмыстық процессуалдық мағынада
танылғанын тәуелсіз түрде, қылмыс арқылы тікелей зиян келтірілген адамды виктимологиялық
мағынада жәбірленуші ретінде зерттеу.
Заманауи Қазақстанда қылмыстылықтан виктимологиялық алдын алу жүйесін дамыту,
жәбірленушілердің құқықтарын және қылмыс құрбандарын қорғау үшін жан-жақты дамыған
теориялық және нормативтік құқықтық база бар. Дегенмен де, қазіргі заманғы заңи әдебиеттерде
және қылмыстылықтан сақтандыру тәжірибесінде виктимологиялық бағыт қылмыстылықтан
сақтандырудың және азаматтарды қылмыстық құқықтық қорғаудың стратегиясы мен
тактикасын айқындауға қатысты қызметтің бір бөлігі деген көзқарас қалыптасқан. Жүргізілген
зерттеулер қылмыстық саясаттың аясы ретінде қылмыстылыққа виктимологиялық қарсы тұру
туралы жеткілікті және толық ұстаным әзірлеп шығармады. Осы жағдай зерттеудің жаңалығын
анықтайды. Ұсынылған мақалада авторлар мазмұны, реттеу пәні және субъектілік құрамына
байланысты виктимологиялық саясат белгілі бір мағынада қылмыстылықтан сақтандырудың
ғылыми негізделген стратегиясы мен тактикасынан, заманауи қылмыстық саясатта жүзеге
асырылатын қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттеуден кең екендігі туралы ұстанымды кең
түрде ашады.
Жұмыстың әдіснамалық негізін қылмыс және қылмыстылықтың мәні, мемлекеттік және
қоғамдық қауіпсіздікке олардың әсері, виктимділік, виктимдену, виктимология туралы
қылмыстық құқық және криминологияның ғылыми ережелері құрайды. Қылымыстылықтан
виктимологиялық сақтандырудың мәнін анықтаудың заманауи тұжырымдарын зерттеу
барысында әлеуметтік-құқықтық, қылмыстық-құқықтық құбылыстар мен үдерістерді сандық
және сапалық талдау жолымен қорытындылар алынған. Авторлар арқылы жүргізілген құқықтық
талдау қылмыстылыққа қарсы тұру аясындағы Қазақстанның қылмыстық саясатының жаңа басым
бағыттарын анықтау үшін нұсқаулар, қылмыстылықтан виктимологиялық сақтандыру аясындағы
халықаралық аспектілерді шешу және жеңуге үлес қосады.
Мақалада алынған нәтижелерді оқу үдерісінде, оқулықтар мен оқу құралдарын және аталған
мәселе бойынша мақалалар жазу барысында қолдануға болады.
Түйін сөздер: қылмыстылық, қылмыстылықтан сақтандыру, қылмыстық саясат,
виктимологиялық саясат, виктимдік, виктимдену, қылмыстылық құрбаны.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-10

Журналдың саны

Бөлім

CRIMINAL LAW AND CRIMINOLOGY